Кристофер Кэмпбелл-Холт OBE – Ұлыбритания, АҚШ, Таяу Шығыс және Орталық Азия елдеріндегі халықаралық заң компанияларында және мемлекеттік органдарда 20 жылдан астам тәжірибесі бар заңгер. Ол АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталықтың алғашқы тұжырымдамасынан бастап, Еуразиядағы халықаралық деңгейдегі беделді дауларды шешу институттарына айналғанға дейінгі құрылу процесін басқарды. Ол Таяу Шығыс, Орталық Азия, Африка, Шығыс Еуропа және Оңтүстік Америка елдеріндегі үкіметтер мен ұйымдарға жалпы құқық жүйесі мен дауларды шешу институттарын дамыту мәселелері бойынша кеңес беріп келеді. Бұған дейін ол Катардағы халықаралық қаржы орталығы жанындағы коммерциялық сот пен баламалы дауларды шешу орталығының тіркеушісі қызметін атқарған. Сонымен қатар, ол құқық және білім беру саласындағы бірқатар консультативтік кеңестердің мүшесі, оның ішінде жалпы құқық пен халықаралық үздік тәжірибеге негізделген АХҚО актілерін қарап, бекітумен айналысатын АХҚО Құқықтық консультативтік кеңесінің мүшесі.