Илья Рачков
Серіктес, «Некторов, Савельев және серіктестері» (Ресей); Халықаралық арбитраж орталығының (ХАО) Арбитрлер мен медиаторлар алқасының мүшесі
Доктор Илья Рачков - Халықаралық арбитраж орталығының (ХАО) Арбитрлер мен медиаторлар алқасының мүшесі. Ол Мәскеудегі «Некторов, Савельев және серіктестері» заң фирмасының серіктесі және CIArb (Chartered Institute of Arbitrators) мүшесі болып табылады. Сонымен қатар, ол Мәскеудегі Экономика жоғары мектебінің, Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының (РАНХиГС) және Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің профессоры. Доктор Рачков дауларды шешу, арбитраж және халықаралық сауда құқығы салаларына маманданған. Оның халықаралық және ұлттық арбитраждық процестерде мол тәжірибесі бар. Ол Ресейдегі және шетелдегі жетекші коммерциялық ұйымдар мен мемлекеттік органдарға құқықтық кеңес береді.