Джо Тирадо
Халықаралық арбитр, медиатор және ADR жөніндегі кеңесші, TiradoADR Limited (Ұлыбритания/Испания)
Джо Тирадо - дауларды шешу саласында 35 жылдан астам тәжірибесі бар тәуелсіз халықаралық арбитр. Ол Ұлыбритания, АҚШ (Иллинойс және Техас) және Испания сияқты төрт ірі юрисдикциядағы жетекші заң фирмаларында жаһандық басшылық лауазымдарды атқарған. Англия мен Уэльстің барлық азаматтық соттарында сөз сөйлеу құқығына ие solicitor-advocate ретінде ол 70-тен астам юрисдикцияда жалпы құны 10 миллиард АҚШ долларынан асатын жүздеген істер бойынша заң кеңесшісі, арбитр, медиатор, адъюдикатор, татуластырушы және сарапшы ретінде қызмет атқарған.

Джо Тирадо барлық негізгі арбитраждық регламенттер мен институттар аясында, сондай-ақ ЮНСИТРАЛ қағидалары бойынша және ad hoc рәсімдерінде 100-ден астам халықаралық коммерциялық және инвестициялық арбитраждарды жүргізіп, оларға кеңес берген. Сонымен қатар, ол 50-ден астам медиация және өзге де баламалы дауларды шешу рәсімдеріне қатысқан. Ол энергетика, қаржы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, құрылыс және көлік салаларындағы күрделі коммерциялық даулар бойынша егемен мемлекеттердің, трансұлттық компаниялардың және ауқатты жеке тұлғалардың мүдделерін қорғаған.

Джо Тирадо - коммерциялық және инвестор-мемлекет даулары бойынша CEDR аккредиттеген медиатор, Азаматтық медиация кеңесінің мүшесі (Fellow), ICSID-тің бұрынғы татуластырушысы (2018-2024 жылдары Дүниежүзілік банк тобының Президенті тағайындаған), сондай-ақ Еуропалық Одақ пен Біріккен Ұлттар Ұйымын қоса алғанда, шақыру арқылы ғана құрылатын бірқатар жетекші арбитраждық және медиациялық панельдердің мүшесі. Ол арбитраж және дауларды баламалы түрде шешу мәселелері бойынша тұрақты спикер әрі көптеген жарияланымдардың авторы.
Байланыстар
Тел.: +7 (7172) 64 73 73
Email: Communications@aifc-iac.kz
Жаңалықтарға жазылыңыз
Жария оферта

© 2026 АХҚО Соты мен ХТО