Доктор Лоран Киллиас, LL.M
Заң ғылымдарының докторы, Killias & Legler – Дауларды шешу (Швейцария)
Доктор Лоран Киллиас – Цюрих пен Женева қалаларында кеңселері бар, дауларды шешуге маманданған Killias & Legler заңгерлік фирмасының негізін қалаушы серіктесі. Халықаралық арбитраж саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар, аса беделді арбитраж маманы. Лоран Киллиас арбитр және тараптың өкілі ретінде 140-тан астам халықаралық арбитраж істерінде қатысқан. Ол Швейцария, Франция, Германия, Аустрия, Бельгия, Нидерланды, АҚШ және Корея елдерінде азаматтық және англо-саксондық құқық жүйелеріне негізделген арбитраждарды жүргізген. Бұл істер ірі халықаралық арбитраждық институттардың ережелері бойынша да, ad hoc негізінде де қаралған. Сондай-ақ, ол арбитражға байланысты мемлекет соттарындағы істер бойынша клиенттерге кеңес беріп, оларға өкілдік еткен. Олардың қатарында Швейцария Жоғарғы Сотындағы арбитраж шешімдерін жою жөніндегі істер мен бірнеше юрисдикцияны қамтитын күрделі даулар бар.

Ол 2021 жылдан бастап Халықаралық Сауда Палатасының (ICC) Арбитраждық Халықаралық Сотының мүшесі. Сонымен қатар, ICC Арбитраж комиссиясының және ICC Швейцария ұлттық комитетінің мүшесі. Қатарынан 15 жыл бойы Chambers (Global, Europe) рейтингтерінде Швейцариядағы жетекші арбитраж маманы, арбитраждық кеңесші және сот сарапшысы ретінде танылып келеді. 2023 жылғы бағалауларда оны «өте зерек кеңесші», «тәуекелдерді талдауда үздік және оларды азайтуда керемет стратегия ұсынады» деп сипаттаса, 2018 жылы «нақты, прагматикалық әрі қысым жағдайында сабырлы» деп баға берген. Legal500 оны арбитраж саласындағы «Leading Individual» – жетекші маман ретінде атап өтті. Ол 2021 жылы «Швейцариядағы халықаралық арбитраж саласының үздіктерінің бірі» деп танылса, 2022 жылы «жоғары деңгейлі істерге шоғырланған, өте ақылды әрі терең білімді» делінген. 2021 жылы «өте шапшаң әрекет етеді және бастамашыл» деп сипатталған. 2024 жылы Lexology оны Швейцариядағы Арбитраж бойынша "Ой көшбасшысы" (Thought Leader) ретінде атап өтті: «Лоран Киллиас – келісімшарттық даулармен байланысты құрылыс, банк және сақтандыру салаларындағы істерде орасан зор тәжірибесі бар үздік маман». 2024 жылы LegalcommunityCH Awards2024 жүлдесінде «Арбитраж саласындағы жыл заңгері» атағына ие болды.
Contacts
Subscribe FOR UPDATES
© 2025 AIFC Court & IAC
Made on
Tilda