Мария Петренко - халықаралық коммерциялық және инвестициялық арбитраж саласындағы маман. Ол мемлекеттер, ірі қаржы институттары мен заңды тұлғалардың мүддесін қорғау бойынша бай тәжірибеге ие. Оның тәжірибесіне SCC, LCIA, РФ Сауда-өнеркәсіп палатасы жанындағы Халықаралық коммерциялық арбитраж соты, АХҚО Халықаралық арбитраж орталығы және басқа да арбитраж орталықтарындағы, сондай-ақ түрлі юрисдикциядағы ұлттық соттардағы істер жатады. Сонымен қатар, АХҚО құқығы бойынша клиенттерге тұрақты түрде кеңес беріп отырады және АХҚО Сотында адвокат ретінде өкілдік ету құқығына ие.