Нұржан Қосбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Заң департаментінің директоры қызметін атқарады. Бұған дейін «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) әкімшілігінде, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде, ҚР Әділет министрлігінде және басқа да мемлекеттік органдарда басшылық қызметтерді атқарған. Нұржан Қосбаевтың қаржылық және халықаралық құқық, нормашығармашылық және заңгерлік сараптама саласында зор тәжірибесі бар.
Сондай-ақ, ол АХҚ әкімшілігінің заң қызметінің басшысы ретінде халықаралық сарапшылармен бірлесіп АХҚО-ның, сондай-ақ АХҚО негізгі институттарының құқықтық базасын және актілерін құру бойынша жұмыс жасады. Оның жетекшілігімен Ұлттық Банктің заң қызметі Asian Legal Business журналының (иесі Thomson Reuters) нұсқасы бойынша 2025 жылы Азиядағы ең үздік 15 заң қызметінің қатарына енді. Дьюк университетінің заң факультетінің (АҚШ) түлегі.