Сайед Муджтаба Хуссейн
Басқарушы серіктес, Emirates Legal, (БАЭ/Үндістан)
Сайед Муджтаба Хуссейн — Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Emirates Legal заң фирмасының және Қазақстандағы АХҚО-ның реттеуіне бағынатын Emirates Legal Limited компаниясының басқарушы серіктесі. Ол 1995 жылы Үндістанның адвокаттар алқасына қабылданып, қазіргі уақытта БАӘ-нің, Қазақстанның және Үндістанның жоғарғы соттарында заңгерлік қызметпен айналысуға лицензиясы бар. Сайед Муджтаба DIFC, ADGM және АХҚО Сотына тіркелген, және осы юрисдикциялардағы бірқатар маңызды істерде жетекші адвокат ретінде, сондай-ақ 29-дан астам арбитраждық іс бойынша өкілдік еткен. Ол Үндістандағы Ұлттық құқық мектебінде, Ұлыбританиядағы Эссекс университетінде және АҚШ-тағы Калифорния университетінің Беркли кампусында білім алған. Берклиде Робинсон стипендиясының иегері атанған. Таяу Шығыстағы жылжымайтын мүлік, тау-кен және өнеркәсіп салаларындағы бірнеше миллиард долларлық жобалар бойынша кеңес берген. Бұған дейін ол Женевадағы Біріккен Ұлттар Ұйымында және Үндістандағы жетекші заң фирмалардың бірінде жұмыс істеген. Ол халықаралық деңгейде дәрістер оқиды және ТМД мен Азия елдеріндегі білім беру және кеңес беру жобаларына белсенді қатысуды жалғастырып келеді.
Contacts
Subscribe FOR UPDATES
© 2025 AIFC Court & IAC
Made on
Tilda