Жанна Темірбаева
Басқарушы директор, Ankura (БАӘ/Қазақстан/Ұлыбритания)
Жанна Темірбаева - Ankura компаниясының құрылыс, дауларды шешу және консалтинг практикасының басқарушы директоры, Дубай қаласында орналасқан. Ол құрылыс инженері мамандығына ие және құрылыс пен бизнесті басқару саласы бойынша магистр дәрежесін алған. Құрылыс және мұнай-газ салаларында 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Сондай-ақ күрделі халықаралық жобалар бойынша шығындар мен қаржылық талаптар (quantum) мәселелері жөніндегі сарапшы куәгер ретінде қатысады.

Жанна Темірбаеваның тәжірибесі инфрақұрылым, әуежайлар, энергетика, коммерциялық және тұрғын үй құрылысы салаларындағы құны 50 миллионнан 80 миллиард АҚШ долларына дейінгі жобаларды қамтиды.

Соңғы 15 жыл ішінде ол дауларды шешу саласына маманданып, Ұлыбританияда, Еуропада, Азияда, Таяу Шығыста, Австралияда, Қазақстанда және басқа да ТМД елдерінде халықаралық арбитраж, сот ісін жүргізу, дауларды баламалы түрде шешу (ADR) және адъюдикация шеңберінде тәуелсіз сараптамалық қорытындылар мен қаржылық-сараптамалық (forensic quantum) талдау ұсынып келеді.
Байланыстар
Тел.: +7 (7172) 64 73 73
Email: Communications@aifc-iac.kz
Жаңалықтарға жазылыңыз
Жария оферта

© 2026 АХҚО Соты мен ХТО