Профессор Зия Акынджи – Стамбулдағы Akinci Law Office заң кеңсесінің негізін қалаған әрі Стамбул халықаралық төрелік орталығының (ISTAC) президенті болып қызмет атқарады. Ол Халықаралық Сауда палатасының (ICC) төрелік сотының мүшесі болған және Дүниежүзілік банк жанындағы Инвестициялық дауларды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың (ICSID) арбитрлар тізіміне енгізілген. Қазіргі таңда 2023–2025 ж.ж Түркі төрелік Қауымдастығының (TAA) басқарма мүшесі ретінде сайланған. Сонымен қатар, Галатасарай университетінің құқық факультетінде халықаралық жекеше құқық кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады.
Ол дауларды шешу саласына маманданған және халықаралық құрылыс жобалары, энергетика жобалары, инвестициялық даулар, бірігу мен жұтылу келісімдері және халықаралық коммерциялық даулар секілді көптеген халықаралық процестерде адвокат немесе жалғыз арбитр ретінде қатысқан. Профессор Акынджиның дауларды шешу мен құрылыс құқығы саласындағы деңгейі WWL (Who’s Who Legal), Chambers & Partners, Legal500 және GAR 100 сияқты беделді халықаралық ұйымдар тарапынан бірнеше рет мойындалған. Ол көптеген ғылыми еңбектердің авторы. Оның жарияланымдарына халықаралық арбитраж, халықаралық құрылыс құқығы, келісімшарттарға қолданылатын құқық және тауарларды халықаралық жол арқылы тасымалдау сияқты тақырыптар кіреді.