Руслан Байрамов
Негізін қалаушы серіктес, Legalize (Әзербайжан)
Руслан Байрамов - құқық саласында 12 жылдан астам тәжірибесі бар Legalize заң фирмасының негізін қалаушы серіктесі. Руслан Байрамов 2008 жылы Кавказ университетін (Qafqaz University) «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған. Руслан Байрамов корпоративтік құқық, комплаенс және еңбек құқығы салаларына маманданған. Кәсіби қызметі барысында Әзербайжандағы түрлі холдингтік компанияларда заңгер және заң бөлімдерінің басшысы қызметтерін атқарған. 2016–2019 жылдары Ekvita компаниясында комплаенс, еңбек және көші-қон құқығы бағыттарына жетекшілік еткен.
Руслан Байрамов ISO 37001 «Парақорлыққа қарсы менеджмент жүйесі» стандарты бойынша маманданған ішкі аудитор болып табылады. Әзербайжан тілінен бөлек, түрік, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.