Мэтью Дроссос
Серіктес, White & Case LLP (АҚШ)
Мэтью Дроссос - White & Case LLP компаниясының Халықаралық даулар және консультациялық практикасының серіктесі. Ол Who’s Who Legal 2023–2024 рейтингі бойынша «Жетекші заңгер» ретінде танылған. Ол клиенттерге халықаралық және трансшекаралық құқық, инвестицияларды қорғау, дағдарысты басқару және даулардың алдын алу, құқықтық тәуекелдерді азайту, сондай-ақ шарттық және реттеушілік мәселелер бойынша кеңес береді. Соңғы он жыл ішінде оның тәжірибесі Орталық Азияға қатысты құқықтық мәселелерді қамтып келеді. Мэтью Дроссос өңірдегі корпорациялар мен егемен мемлекеттердің мүдделерін халықаралық қаржы, шетелдік реттеуші құқықтық режимдер, тікелей шетелдік инвестициялар, металлургия және тау-кен өнеркәсібі, құрылыс, көлік және тоқыма өнеркәсібі салаларындағы көптеген істерде қорғаған. Ол Орталық Азия өңірінде халықаралық құқық, дауларды баламалы түрде шешу әдістері және келісімшарттарды әзірлеу мәселелері бойынша тұрақты түрде оқыту бағдарламалары мен тренингтер өткізеді.

Мэтью Дроссос Дартмут колледжінде білім алған және Джорджтаун университетінің заң орталығында құқық дәрежесін иеленген. Ол Нью-Йорк штаты мен Колумбия округінде заңгерлік қызметпен айналысуға лицензия алған және ағылшын мен испан тілдерін меңгерген.
Байланыстар
Тел.: +7 (7172) 64 73 73
Email: Communications@aifc-iac.kz
Жаңалықтарға жазылыңыз
Жария оферта

© 2026 АХҚО Соты мен ХТО