Александр Вагенхайм
Институционалдық және құқықтық мәселелер жөніндегі вице-президент, Jus Mundi (Франция)
Александр Вагенхайм - халықаралық арбитраж саласына маманданған француз заңгері. Jus Mundi компаниясына келгенге дейін ол Париждегі Castaldi Mourre & Partners заң фирмасының арбитраждық тәжірибесінде жұмыс істеп, халықаралық коммерциялық арбитраж, халықаралық инвестициялық даулар және Франция соттарындағы сот талқылауларына қатысты істер бойынша клиенттердің мүдделерін қорғаған. Заң кеңесшісі ретіндегі тәжірибесінен бөлек, Александр Вагенхайм халықаралық арбитраждық процестерде арбитраждық трибуналдардың хатшысы қызметін атқарған. Сондай-ақ Лондондағы Essex Court Chambers кеңсесінде марқұм профессор Мартин Хантердің ғылыми ассистенті болған.

Александр Вагенхайм Лондондағы Корольдік колледждің (King’s College London) және Париж І Пантеон-Сорбонна университетінің LLM бағдарламалары аясында халықаралық коммерциялық арбитраж, инвестициялық арбитраж және халықаралық жеке құқық пәндері бойынша оқытушы болып тағайындалған. Ол халықаралық коммерциялық құқық пен арбитраждық құқық салаларында жарияланған көптеген ғылыми еңбектердің авторы.
Байланыстар
Тел.: +7 (7172) 64 73 73
Email: Communications@aifc-iac.kz
Жаңалықтарға жазылыңыз
Жария оферта

© 2026 АХҚО Соты мен ХТО