Михаил Шуганов
Қауымдасқан заңгер, White & Case, Астана
Михаил Шуганов - White & Case халықаралық заң фирмасының Астанадағы Дауларды шешу практикасының қауымдасқан заңгері. Ол егемен мемлекеттерге, трансұлттық корпорацияларға және ауқатты жеке тұлғаларға ұлттық соттар мен халықаралық арбитраждарда қаралатын күрделі әрі ірі коммерциялық даулар бойынша кеңес береді. Оның тәжірибесіне ICC, SCC және ICSID Қосымша тетігі (ICSID Additional Facility Rules) қағидалары бойынша жүргізілетін арбитраждық істер кіреді. Оның кәсіби тәжірибесі құрылыс, энергетика, тау-кен өнеркәсібі және банкроттық салаларындағы дауларды қамтиды. Сонымен қатар, ол сот және арбитраждық шешімдерді трансшекаралық орындау, сондай-ақ активтерді іздестіру және қайтару мәселелері бойынша тәжірибеге ие.
Байланыстар
Тел.: +7 (7172) 64 73 73
Email: Communications@aifc-iac.kz
Жаңалықтарға жазылыңыз
Жария оферта

© 2026 АХҚО Соты мен ХТО